Саясат

«Зұлмат» зұлым тағдырдың залымдығын көрсете білген деректі фильм туралы

30-қаңтар күні «Арман» кинотеатрында көрсетілген ашаршылық туралы деректі фильмнің тұсауы кесілді. Идея авторы журналист Жанболат Мамай

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Құрбы қыздармен бірге фильмнің тұсаукесеріне сағат 18;20 барсақ зал лық толы, ине шаншар орын жоқ. Отыратын орын таппаған соң, амал жоқ тұрып тұруға тура келді. Егде жастағы үлендердің де, студенттер мен мектеп оқушыларының да қызуғышылығын оята білген бұл фильм шыныңда да керемет шыққан туынды. Жанболат Мамайдың үздіксіз зерттеуінің, ерен еңбегінің арқасында  дайындалған деректі фильмді халық зейін салып көрді. Тіпті залға кіре алмай қалған көрермендер де болды .Ашаршылық кезіндегі қиын өмірді көз алдымызға әкеп көрсеткені үшін Жанболат Мамайға алғыс білдіреміз. Деректі фильм барысында  тарихшы Талас Омарбеков, жазушы Қабдеш Жұмаділов, тарихшы ғалым Қайдар Алдажұманов, тарихшы Людмила Гриневич секілді ұлт белсенділері өзіндік ойларын білдіреді. 

1931-1933 жылдары қолдан жасаған ашаршылық кесірінен қаншама қандасымыздан айырылдық. Қалған қазақ жер ауып кетті. Тарих толқыны қанша рет аяқтан шалсада тағдыр тұғырымыздан құлатпай келеді. Құдай құлатпасын!