Bugin

Шешілмейтін бетперде

Негізі біздің қәзір киіп жүрген маскамыздың ішінде тағы да көзге көрінбейтің бір маскамыз бар. Ол маска бізді екі түрлі адам қылады. Ал солардың ішінде ғана нағыз біз бармыз. Алайда бәріміздің ол маскамыз бүгін болмаса бір күні шешіледі. Жай ғана өзіміз болайық.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Киіп жүрміз маскамыздың сыртынан бір масканы,
Жұқпасыншы ауру деп, ойламадық басқаны.
Шешілсе де сыртқы маска, ішкі маска шешілмес,
Шынайылық сол маскадан ары қарай аспады.

Сол бетперде, айтыңдаршы, шешілмейді неліктен,
Бетпердесі жоқ адамды бұл өмірде көріппең.
Мақтап жүріп көзіңше, жамандайды артыңнан,
Шын жүректен деген сөздер, шықпай жатады жүректен.

Керек кезде хабарлас, табыламыз дейтіндер,
Хабарлассаң сылтау айтып, миыңды сенің жейтіндер.
Бауырымсың деп жүріп, қош бол досым дегенге,
Айтатыным, ниеттерің осы болса сөйтіңдер.

Бетпердесін киіп алып, шыншылмын деп мақтанар,
Өтірігі шыққан кезде, шын айтам(ын) деп ақталар.
Кейбіреулер сені кейде көре алмай кетеді,
Жетіп жатсаң жеңіске, жетпеді деп ат табар.

Бір орында тұрмайды қыран, кептер, сұңқар да,
Тоқтамайды өмірің, жүрегің әлі соққанда.
Келмегенше ажалың, адалдығың кетпесін,
Шешіледі бетпердең, бір күні көкке ұшқанда.