Bugin
Біз кейде өзіміздің кемшілігімізді көрмей, басқаның кемшілігін тауып беруге асығамыз. Өзімізді жөндемей жатып, өзгені жөндегіміз келеді. Ал негізінде өзіміздің де кемшілігіміз бастан асып жатыр
Біреуді мазалағанша,
Біреуді жазалағанша,
Өзіңді мазалап,
Жазала қалағаныңша.
Жамандап, төмендеткенше,
Өкпелеп, сыйың кеткенше.
Өзіңді сыйла бірінші,
Өзгелер құрметтегенше.
Басқаның мінін көргенше,
Жаман істерін тергенше.
Өзіңе бақыт тіле,
Басқаны күндегенше.
Біреуге ор қазғанша,
Аяғынан шалғанша.
Өзіңді жарала,
Басқаны жаралағанша.
Біреуге кінә таққанша,
Көзінен жасы аққанша.
Өзіңді кінәлә алдымен,
Ақиқатын біліп алғанша.
Көре алмай біреуді жүргенше,
Жасаған әр ісің сөккенше.
Өзгені қайтесің, бірінші,
Өзіңмен алыс өлгенше