Bugin
13-15 жастағы балалардың парақшасы жабық болады
Бүгінгі таңдағы танымал "TikTok" желісі жасөпірімдерге шектеу енгізді. Енді балалар жеке парақшасын 13-15 жастан ғана аша алады және олар жабық болады. Сонымен қатар, олардың бейнежазбаларын тек өздері қабылдаған оқырмандары ғана бақылайды, ал пікірді тек достары ғана қалдыра алады. Оның үстіне, олардың бейнелері басқа қолданушыларға ұсынылмайды! Мұндай жаңа шектеуге байланысты пікірлерге назар аударатын болсақ, адамдардың жартысы қолдап, жартысы наразушылық танытуда.