Bugin

Қайғыруға уақыт таппа

Біз кейбір қателігіміз, неше түрлі проблемамыз үшін қайғыға салынып кетеміз. Өзгелердің сөзін жүрекке алып қаламыз, ал кейде өзімізді кінәлі қылмас үшін өзгеден көре саламыз. Ал негізінде барлығы өзімізге байланысты...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қайғырма, қайғыруға уақыт таппа,
Бақыттысың, ең алдымен соны сақта.
Бұл өмірде әлі талай өкінесің,
Қуанышың тұрмасыншы шеткі жақта.
Жамандаса біреулер, көңіл бөлме,
Біреу үшін өзіңді текке сатпа.

Күндер өтер, түндер өтер қаншама,
Күн деп жүріп, өмір өтер тамсана.
Мына өмір құлатады биіктен,
Алайда, сценаристы сен ғана.
Ал сценарий болсын десең ғажайып,
Өз-өзіңді ең бақытты жан сана.

Болса сынақ, ешқайсысына таңданба,
Бұл өмірдің өзі сынақ жалғанда.
Өмір шіркін ұнатса да мұңды көп,
Қайғысына ешқашанда жалданба.
"Болмайды" деп барлығы айтса-дағы,
Болады деп әрқашанда арманда.

Батар күндер, атар тағы таңдарда,
Ісің жүрмей, жаман ойға алданба.
Бұл өмірде бақытты ғой біреудің,
Ойларына көңіл бөлмес жан ғана.
Бойыңдағы үмітіңді сөңдірме,
Мына сенің жүрегіңде жан барда.

Шық биікке, қиын болсын, ұмтыла,
Құласаңда тек биіктен сен құла.
Өмір сүрші қалатындай мәңгі шоқ,
Бықсып жанған өміріңнен не пайда.
Өзгелерден көре берме ешқашан,
Кінәсіз де, кінәлі де сен ғана.