Bugin

Қыздарынан таяқ жеген ана суицид жасағысы келді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкентте қыздары мен күйеу балалары анасын соққыға жыққан. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды. 

Оқиғаның мән-жайын заңгер Еркін Кахаров желіде жариялаған. Оның айтуынша, 2018 жылы Алтынкүл марқұм күйеуімен бірге салған үйді кенже қызына сыйлаған. Қызы мен анасы келісіп, Алтынкүл сол үйде қалады.

Үйді рәсімдеген соң,10 күннен кейін Алтынкүлдің кенже қызы қайтыс болады. Үйдің 1/8 бөлігі Алтынгүлге тиесілі болса да, күйеу баласы оны қуа бастаған. 

Бұл жағдайға байланысты сотта Алтынкүл жеңіледі. Соттан кейін күйеу баласы мен Нағима, Бағила есімді басқа қыздары күйеулерімен қосылып Алтынкүлді соққыға жыққан. Орын алған жағдайдан кейін Алтынкүл өз-өзіне қол салмақ болған.