Ауыл халқының аманатын арқалаған ауылдық депутат

«AZAMAT» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қарқаралы қаласы «Жастар Мәслихаты» депутаты, «Birgemiz bilim» жалпыұлттық жобасының басшысы Дәурен Рахымбек әлеуметтік жазбасында қуанышты жаңалығымен бөлісті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Депутат Insagram әлеуметтік желісіндегі жазбасында: «Ауыл халқының аманатын арқалап 5 жылға Қарқаралы аудандық мәслихатының VII шақырылым депутаты болып сайландым! Өте қомақты әрі жауапты міндетті маған сеніп тапсырып,үміт артқан халқыма алғысыды білдіремін! Сөзден іске көшетін уақыт келді!» - деген болатын.

Дәурен Рахымбек 2019-2020 жылдары «Birgemiz bilim» жалпыұлттық жобасын ұйымдастырған болатын. Бұл жоба аясында Қарағанды облысы бойынша ауыл-аймақтың оқушыларын Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге, ағылшын тілін үйренуге,компьютерлік сауаттылық, құқықтық сауаттылығына және олимпиадаларға тегін дайындайды. Дәурен мырза осы жобаның төрағасы болып,көптеген ұстаздарды және жастарды жұмыспен қамтыды. Қазіргі таңда жоба аясы кеңейді. Енді Дәурен Рахымбектің айтуынша: «Жоба тек Қарағанды облысы бойынша ғана емес,Қазақстанның барлық аймағындағы ауыл оқушыларын оқытады».

Жүрегі «ауыл» деп соққан Дәурен Рахымбектің  2021 жылғы  сайлауға түскен «Ауыл» партиясының кандитаты болғанын айтқан жөн. «Ауылды қолдайтын кез келді!», «Ауылдың баласымын»-деген Дәурен Рахымбектің ауыл халқына және ауыл оқушыларына жасаған жақсылығы орасан зор.
Атап айтатын болсақ,Қарағанды облысының интернет желісі жоқ 85 ауылына желіні қостырды.Осы жайында Дәурен мырзаның мына жазбасында: «Осыдан бір ай бұрын Жеңіс Махмұтұлының төрағалығымен өткен жастар ісі жөніндегі кеңесте облыс басшысына атқарып жатқан жұмыстарымызды танысытырып,шешім талап ететін бір мәселені көтерген болатынмын. Ол мәселе ауылдық жердегі интернет желісінің баяу немесе мүлдем болмауы еді. Бұл мәселені облыс басшысы өз бақылауына алып,бүгінгі күнге дейін 55 елді мекенге ретранслятор қойылып  кезең-кезеңімен желісі қосылып жатқанын айтқым келеді. Осы орайда «Келісе пішкен тоң келте болмас» демекші, «Birgemiz bilim» жобасы аясында ауылдық жердегі оқушылардан,аналардан,жастардан нақты ақпараттар жинақтап «Азамат» қоғамдық бірлестігі атынан ұсыныс жасаудамыз. Егерде сіз тұратын елді-мекенде интернет баяу істесе немесе мүлдем болмаса пікір бөліміне жазуды сұраймын. Біз үшін өте маңызды» - деген болатын.

Шын мәнінде де,Дәурен мырзаның ұсынысымен Қарағанды облысының барлық ауыл-аймағына интернет желісі іске қосылған еді.

Өз ісіне жауапты,білікті маман,нағыз ауылдың баласы Дәурен Рахымбек «Жаңа биікке өзіңді өзің мақтап көтерілмейсің, өзіңді өзің мұқияттап дамытып көтерілесің. Өз өзіңмен жұмыс жасау - өте қиын шаруа. Ол үшін өзгелерден кем өнерпаз,кем еңбекқор болуға болмайды...», - деп  оқырмандарына өз ұстанымымен бөліскен болатын.