Білім және ғылым
Колледждер мен ЖОО-лардағы бірінші курс студенттері көктемде қалай оқиды.
Алматы қаласының бас санитары Жандарбек Бекшин түсіндірді, деп хабарлайды Bugin.kz платформасы.
“2020-2021 жылғы оқу жылының екінші семестрінде колледжедр мен ЖОО-лардағы бірінші курс студенттерінің 70 пайызы оффлайн, ал 30 пайызы онлайн-режимде оқитын болады. Қандай режимде оқитынын студент өзі шешеді”, - делінген қаулыда.
Сонымен қатар студенттерге жатақханаға орналасуға да рұқсат етілді. Алайда санитарлық-дезинфекциялық режим қатаң сақталуы тиіс. Бетперде тағып, дистанция сақтау жатақхана ішіне де қатысты болмақ.
Мектеп оқушылары үшін де өзгерістер енгізілді.
“Мектептер мен оқу орындарындағы тамақтану орталықтары да жұмысын жалғастырады. Алайда асханада бір уақытта оқушылар мен студенттердің 30 пайызына ғана жиналуға рұқсат етіледі”, - делінген Бекшиннің қаулысында.
Үшінші тоқсаннан бастап қосымша сабақтарға ең көбі 5 оқушыдан қатыса алады.
Жарлықта көрсетілген ережедердің сақталуын аудан әкімдері, білім басқармалары және Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасы бақылайтын болады.