Әлем жаңалықтары

Лукашенко қателескенін мойындады

Бұған дейін президент елдегі наразылық акцияларының созылып кетуіне пандемия кесірінен шекараның жабылуы себеп болғанын түсіндірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Беларусь президенті Александр Лукашенко мемлекет басшысы ретінде жіберген қателіктерімен бөлісті, деп жазады bugin.kz платформасы.

“Иә, қателік кетті. Әркім өзі жүріп өткен жолдағы қателігін жақсы біледі, мен де...”, - деп келтірді Лукашенконың сөзін Lenta.ru. Сонымен қатар мұның жүйе қателіктері емес екенін де ескертті. Болған жағдайларға анализ жасап, қорытынды шығарып, сабақ алып, болашақта қайталамауға кеңес берді.

Беларусьтағы наразылықтар жөнінде айтар отырып, халықты өзінің батылдығына сендірді. “Ешқашан кері шегінбеймін. Біріншіден, мемлекетімнен басқа қолымда ештеңем жоқ. Осы жерде дүниеге келдім, осында жан тапсырамын. Балаларым да осында қалады. Біздің басқа барар жер, басар тауымыз жоқ. Екіншіден, мен біздің дұрыс жолда екенімізге сенемін”, - деді Лукашенко.

Бұған дейін президент елдегі наразылық акцияларының созылып кетуіне пандемия кесірінен шекараның жабылу себеп болғанын түсіндірді.

Айта кетейік, елдегі наразылық акциясы тамызда өткен президент сайлауынан соң басталған. Көтеріліске шыққандар билік басындағылардың түгел отставкаға кетуін талап еткен еді.