Саясат

Марғұлан Сейсембаевтың мәлімдемесі: Дәурен Абаев пікір білдірді

Альянс банк ісі бойынша мәліметтерден хабарым жоқ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев танымал кәсіпкер әрі инвестор Марғұлан Сейсембаевтың қоғамдық қызметін тоқтату туралы мәлімдемесіне қатысты ойын білдірді. Алматыда өтіп жатқан форумда Дәурен Абаев Сейсембаевтың стратегиялық бастамалар форумында сөйлеген сөзін соңғы болып жатқан жағдайлармен байланыстырудың қажеті жоқтығын айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. 

"Альянс банк ісі бойынша мәліметтерден хабарым жоқ, өзім де фейсбуктегі жазбадан білдім. Бірақ мен екі нәрсені айта кеткім келеді. Бұл жағдайдың стратегиялық бастамалар форумында сөйлеген сөздеріне еш қатысы жоғына сенімдімін. Менің ойымша, оның форумда айтқандары өткір болса да, ол жарқын шықты және заңға қарсы келетіндей ештеңе жоқ. Екіншіден, барлығы да оң шешіліп, Марғұлан Қалиұлы қоғамдық қызметіне оралады деген сенімдемін. Мұндай адамдар және мұндай бастамалар біздің қоғамға қажет", - деді Дәурен Абаев. 

Осыған дейін кәсіпкер әрі инвестор Марғұлан Сейсембаев қоғамдық қызметін тоқтататыны туралы Facebook желісіндегі парақшасында жазған еді. Оның айтуынша, желтоқсан айының соңында органдар "Альянс Банкке" қатысты істі қайта қозғаған. Сейсембаев мұны "Стратегиялық Бастамалар Форумында" сөйлеген сөзімен байланыстырды. 2009 жылға дейін Сейсембаев "Альянс Банк" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болғаны белгілі.

"Альянс банк және одан несие алған компаниялардың жұмыскерлерiн қайта-қайта шақырып, тергеп мазалауда", - деп жазды Сейсембаев. 

Айта кетейік, желтоқсанда Сейсембаевтың стратегиялық бастамалар форумында сөйлеген сөзіне қатысты Дәурен Абаев жауап ретінде видео жариялаған еді. 

Осыған дейін кәсіпкер Tengrinews.kz тілшісіне сұхбат беріп, ауыр 90-жылдары қалай кәсіп ашқаны, өмірлік ұстанымдары және Қазақстандағы "уақытша" жүргендер жайлы айтқан еді.