COVID-19
АҚШ тұрғындарының вакцина қабылдаған соң жағдайлары нашарлаған
АҚШ-тағы Vaccine Adverse Event Reporting System (VAERS) Федералды мәліметтер базасы коронавирусқа қарсы вакцинадан қанша адамның қайтыс болғанын хабарлады. Бұл туралы The Epoch Time басылымы жазды.
Құжатқа сәйкес, Moderna және Pfizer / BioNTech фармацевтикалық компаниялары арқылы вакцина салдырғандар арасында 55 өлім тіркелді. Кей жағдайда пациенттер вакцина салдырған соң бірнеше күн өткенннен кейін бақилық болған.
Колардо штатында қарттар үйінің тұрғыны 66 жастағы ер адам уколдан соң әлсізденіп, күні бойы ұйықтаған екен. Ал келесі күні қызметкерлер ер адамды сұмдық жағдайда тапқан: өңі бозарған, көзі жартылай ашық, аузынан көбік ағып жатты. “Құтқару мүмкін бломады”, - дейді куәгерлер.
Оңтүстік Дакота штатының 93 жастағы тұрғыны Pfizer / BioNTech препаратын қабылдаған соң екі сағат өткеннен кейін жағдайы нашарлаған. Жақындарына шаршап тұрғанын, физиотерапияны жалғастыруға күші жоқ екенін айтыпты. Кейін аяғы ісініп, тыныс алуы тоқтаған.
Бұдан бөлек, АҚШ-та вакцинадан кейін жағдайы нашарлаған 96 жағдай тіркелді. Тағы 24 адамның қозғалуға шамасы келмейді. 225 науқас укол қабылдаған соң ауруханаға жатқызылды. 1,3 американдық өз еріктерімен жергілікті дәрігерлерге қаралған.
Айта кетейік, Pfizer фармацевтикалық компаниясы өндірген SARS-CoV-2 вакцинасын еуропа елдеріне жеткізу саны қысқарған еді.