Bugin

Қазақ қандай болған

Қазақ әрқашанда жігерлі, намысты болған. Бойында ерліктің қаны жүгірген. Ең бастысы басқаға еліктемесе болғаны

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Болған қазақ әрқашанда қасқырдай,
Ешкімді де өсек қылып асырмай.
Тағдырына әрқашанда сабыр қып,
Ар-намысы көрсететін асылдай.

Болған қазақ әрқашанда бүркіттей,
Жеңіп кетер кез-келгенді үркітпей.
Түсірмеген ешқашанда тұла бойды,
Айтса егер, орындайтын бүлк етпей.

Болған қазақ әрқашанда арыстан,
Көре алатын әрбір жауын алыстан.
Сыйласқанға сыйластықпен жауап берер,
Қайтаратың кез-келгенді алысқан.

Болған қазақ әрқашанда жыландай,
Түрлі сөзге жүре алатын уланбай.
Қарсы тұрса өзгелер, көңіл бөлмей,
Тоқтататың кез-келгенді ойланбай.

Болған қазақ әрқашанда осындай,
Кез-келгенмен сыйласатың досындай.
Сол үшінде әрбір қазақ бауырға,
Тілейтінім, болсын бәрі осылай.