Bugin

Ұқсама біреуге

Құлағымыз жаманды естіген заманда, бақыт, жақсылық деген азайып бара жатқандай. Ал өзіңді өзгерткің келсе ең алдымен осыдан баста. Өзгеге бақыт тіле, жақсылығын айт, қателігі болса, ел алдына масқара қылмай, оңаша апарып түсіндір, сол кезде ғана сен басқаларға қарағанда өзгеше боласың. Сенің сыйластығың өзгенің де сыйластығын оятуы мүмкін.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өзгеге бақыт тіле,
Бақытты болып кетсін.
Тілеген бақытыңмен,
Өзгені бақытты етсін.

Сен оған сенемін де,
Жүрекке сенім қонсын.
Қадамын да нық басып,
Әрқашан жолы болсын.

Сен оны жамандама,
Жаманын ойламасын.
Жақсыға теңеп жүрші,
Жақсысын ойға алсын.

Сен оны төмендетпе,
Деңгейін түсірмесін.
Қайта сәл көмек берші,
Басқалар күле берсін.

Біреуге ұқсамашы,
Ұнау үшін бәріне де.
Жай ғана өзің болшы,
Ондайлар аз әлемде.