Bugin
Адамның керегі не? Жақсылық жасай алмаса. Бойында егер, намыс пен жігер болмаса. Адамның керегі не? Сыйлай алмаса ешкімді. Азда болсын, жүрекке иман қонбаса.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАдамның керегі не?
Жақсылық жасай алмаса.
Бойында егер, намыс пен жігер болмаса.
Адамның керегі не?
Сыйлай алмаса ешкімді.
Азда болсын, жүрекке иман қонбаса.
Адамның керегі не?
Менсінбей жүрсе өзгені.
Кінәсіз жанды, кінәлі қылса сөздері.
Адамның керегі не?
Біреудің жеткен жеңісін,
Көре алмаса, көретін оның көздері.
Адамның керегі не?
Егерде сабыр қылмаса.
Түгелдей ойын ашу мен ыза торласа.
Адамның керегі не?
Жасаса біреу жақсылық,
Ұмытып оны, жаман істерін қозғаса.
Адамның керегі не?
Өзгенің бақытын ұрласа.
Шынайы емес, жалған бір кейпін сомдаса.
Адамның керегі не?
Жету үшін жеңіске,
Біреуді алдап, біреудің арын қорласа.
Адамның керегі не?
Өмірде орын таппаса.
Арманы болып, ұмытылып оған шықпаса.
Адамның керегі не?
Кішігірім өмірде,
Қамшылап өзін, ең жүйрік аттай шаппаса.
Адамның керегі не?
Сенімді болмаса өзіне.
Сенбесе егер өзінің ісіне өзі де.
Адамның керегі не?
Жеңілдің бетімен жүрсе егер,
Тұра алмай қарсы, сынақтың тіпті біріне.
Адамның керегі не?
Осындай болса көбісі.
Керек пе олардың, өмірге мынау жүрісі.
Сенің де керегің не?
Өмірге келдің не үшін,
Өзіңе қойшы осы сұрақты бірінші.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61