Әлем жаңалықтары
Вакцина 18 қаңтарда салына бастады
Ресейде коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау басталды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы РИА Новости-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Басылым мәліметінше, вакцина бастапқыда дәрігерлер, мұғалімдер, сондай-ақ әлеуметтік қызмет көрсету ұйымында тұратындар мен созылмалы аурудан зардап шегетін адамдарға салынады.
Коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация Ресейде 18 қаңтарда басталды. Елде екі вакцина ресми түрде тіркелді - "Спутник V" және "Вектор".
Тағы бір вакцина Чумаков атындағы Федералды ғылыми орталығында әзірленіп жатыр екен. Бұл бүкіл вириондық вакцина деп аталады. Оның жұқпалы қасиеті жоқ. Бұл вакцинаны тіркеу 2021 жылдың ақпан айында болады деп болжанады.
Айта кетейік, елде вакцинациялау ерікті түрде және тегін жүргізіліп жатыр.