Bugin

"DIMASH DIGITAL SHOW"-ға 100 елден тыңдармандар қатысты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Димаш Құдайберген "DIMASH DIGITAL SHOW" атты алғашқы онлайн-концертін өткізді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Концерт TIXR америкалық стриминг-платформасы арқылы Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Концертті әлемнің 100-ден астам елі тамашалаған. Сонымен қатар Димаш алты тілде ән шырқады: қазақ, итальян, француз, қытай, ағылшын және орыс.

Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында: «Dears, сіздерге концерт ұнады деп үміттенемін! Жеке өзім және менің тобым сіздердің алған әсерлеріңізді білуге дайын!» деп жазды.

Концерт барысында Димаш: "Менің алғашқы онлайн концертімді көріп, қолдау көрсеткендеріңіз үшін баршаңызға алғысымды білдіремін. Пандемияның салдарынан ұзақ уақыт көріспедік. Дәл қазір сіздерге арнап өнер көрсететініме ризамын. Сіздерді көрмесем де маған алыстан шабыт бересіздер. Жаңа белестерді асып өтуге жетелейтін қолдауларыңызды сезіндім. Бүгінгі шоу сіздерге бақыт сыйлады деген ойдамын. Жақын арада сіздермен көрісетініме сенемін" деп өз әсерімен бөлісті.