Әлем жаңалықтары
Ойындар 2021 жылы өтеді деп жоспарланды
Жапонияның премьер-министрі Ёсихидэ Суга Олимпиаданы 2021 жылы өткізуге болатынына сенім білдірді. Министрлер кабинетінің Бас хатшысы Кацунобу Като сайыс алаңдары мен кестесі туралы шешім қабылдағанын айтты.
«Жазда Жапония адамзаттың пандемияға қарсы жеңісінің дәлелі ретінде Токио Олимпиада және Паралимпиада ойындарын ұйымдастыруға бел буды» деді премьер-министр.
Олимпиада 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамыз аралығында өтеді деп жоспарланды. Ал Паралимпиада ойындары 2021 жылдың 24 тамызы басталып, 5 қыркүйек аяқталады деп жоспарланып жатыр.