Әлем жаңалықтары
Мәскеуге ұшып келген Навальныйды кеденнен өтер кезде ұстап әкетті
Германиядан ұшып келген Ресейлік саясаткер Навальный ұсталды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Ол 13 қаңтар күні «Победа» әуе компаниясының рейсімен Внуково әуежайына қонады деп жоспарланған. Алайда ұшақ Шереметьеовоға қонған.
Борт қонуға аз уақыт қалғанда басқа аэродромға бағытталған. Baza Telegram-каналы Внуково әуежайында қар тазалайтын техника сынып қалып, қонатын жол тазартылмағанын жазады. Сол себепті ұшақ басқа әуежайға қонған.
Неміс басылымының мәліметінше, Навальный отырған ұшақ Шереметьевоға қонған соң Внуково әуежайына басқа ұшақтардың қонуына рұқсат етілген. Келушілерді әдеттегі режиммен кіргізген.
Саясаткердің жақтастары оны күтіп алу үшін әуежайға барған. Алайда полиция қызметкерлері оларды ұстап алып кеткен. Соңғы мәліметтер бойынша, 37 адам ұсталған. Олардың арасында журналистер де бар.
Еске сала кетейік, өткен айда федералдық қызмет Навальныйдан дереу оралуды талап етті, болмаса қамауға алынатынын мәлімдеген.