2021 жылы Instagram-ды қалай жүргізу керек?

Instagram қарқынды дамып жатыр. 2021 жылы Instagram-да қандай өзгерістердің күтіп тұрғаны болжанды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

     Пайдаланушылар үшін оқырман мен лүпілдер саны маңызды көрсеткіш емес. Алайда AR эффектілер мен сапалы мәтіндер үлкен рөл атқара бастады. 2021 жылы мынадай болжамдар күтіліп жатыр:

Шынайы контент = Көп оқырман

Американдық Finances Online мамандарының зерттеуінше, брендтер өңделмеген суреттер мен шынайы жазбалар арқылы оқырман санын арттырған.

Мысалы, "Нью-Йорк халқы" (@humansofny) бірнеше жыл ішінде 11 миллионға жуық оқырман жинаған. Мұнда қарапайым адамдардың өмірінен алынған жайттар мен фотолар жарияланады.

 

Ғаламдық проблема

Пайдаланушылар үшін Instagram тек әлеуметтік желі емес. Әлемдік мәселелерді қозғайтын күш. Американдық маркетолог Дженни Чанг әлемдік мәселелерді көтеретін блогерлер мен компанияларды қолдайтынын айтты.

Оның зерттеуінше, климаттың өзгеруін, қара нәсілділердің мәселелерін талқылауға пайдаланушылар көбірек қатысады. Зорлық-зомбылыққа қатысты қарсы пікірлерін білдіреді. Кез келген компания үшін әлемдік мәселелердің шешу жолдарына атсалысу маңызды. Адамдар компанияны тек сатылатын өніммен ғана емес, адамзат игілігімен де байланыстырады.

 

Блогер басты назарда

Finances Online-да танымал адамдар басты назарда. Адамдар олардың нені сатып алғанын, қайда демалғанын бақылайды. Өзінің қажетіне жаратады.

Блогерлер үшін жарнама аса маңызды. Жарнама – өнім мен брендті жылжытудың маңызды құралы. 2021 жылы жарнама танымалдылығын арттырады.

Дженни Чангтың айтуынша, брендті жарнамалау үшін танымал тұлғаларды тарту қажет емес. 100 немесе 1000 оқырманы бар пайдаланушылар блогерлерге қарағанда аудиторияның назарын аудара алады. Олар барша сұраққа жауап беруге тырысады. Мүмкіндіктерді арттыратынын айтады.

Хэштегтер

Хэштег 2021 жылы іздеу мүмкіндіктерінің шыңында. Американдық Social Media Examiner компаниясы хэштегтің пайдаланушыны табуға көмектесетінін атап өтті. Кез келген хабарламада 30 хэштегке дейін орналастыруға рұқсат етілді. Белгілерді дұрыс пайдалану және беру 2021 жылы міндетті болып табылады.

 

Танымал тақырыптар

Танымал тақырыптар – Instagram трендтерінің бірі. Сән, дизайн, салауатты өмір салты, өнер мәселелері әрдайым танымал болып қалады. 2020 жылы бұл қатарға денсаулық сақтау, экономика және әлеуметтік тақырыптар қосылды.

 

Шынайылық

Қазірдің өзінде Instagram-да өз маскаларыңызды жасауға болады. Осыдан бір жыл бұрын 1PS қызметінің SMM бөлімінің бастығы Валерия Смолина AR тетіктерін пайдалану процесі 2020 жылы тез дами бастайды деп болжады. Бірақ ол сыртқы факторлар әсерінен баяулады. Сондықтан біз болжамды 2021 жылға шегереміз.

 

Stories

Бұрын аталған сарапшылардың барлығы Instagram-дағы әңгімелер одан әрі дамиды деп болжайды. Бұл құралға арналған жарнама шығындары тұрақты түрде өсіп жатыр. Ресейде бір жыл ішінде олар үш есе дамыды.

 

Лонгрид=Мәнді мақала

Бүгінгі таңда Instagram-да орналастырылған ақпарат 2200 таңбадан аспауы керек. Толық мақала болу шарт емес. 2021 жылы Instagram лонгридтерді орналастыруға мүмкіндік береді деп болжанып жатыр.

 

TikTok = Қызықты формат

  TikTok-та түсірілген бейнелер пайдаланушыларды қызықтырады. Сарапшылар Дженни Чанг пен Дамир Халиловтың болжауынша, Instagram-да осы форматтағы инфрақұрылым орналасуы мүмкін.

 

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61