Bugin

BI Group ауруханаға бөлінген қаржының 4 млрд теңгесін жымқырды

Бөлінген 5,5 млрд теңгенің 4 млрд теңгесі қалтада кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

BI Group құрылыс компаниясы Алматы қаласында инфекциялық аурухана салуға бөлінген 5,5 млрд теңгенің 4 млрд теңгесін жымқырған. Бұл жайында Bugin.kz платформасы КазТАГ агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттіктің хабарлауынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласының жайлы қалалық орта басқармасы басшысы Сапар Нұрашев пен «Bi-Industrial» ЖШС директорына қатысты қылмыстық іс ашылғанын растаған.

2020 жылдың сәуір айында коронавирус инфекциясымен күресу мақсатында Алматы, Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларында жұқпалы аурулар ауруханасын салу туралы шешім шығарылған. Алматыдағы 280 орындық аурухананы салуға 5,5 мрлд теңге бөлінген. Сапар Нұрашев пен BI Group құрылыс компаниясының басшысына  бөлінген қаржының 3,9 млрд теңгесін жымқырды деген айып тағылып отыр.

Жалпы үш ауруханаға басында 14,8 млрд теңге жұмсалады дегенімен, кейін бұл сома 18 млрд теңгеге дейін өсті. Қазақстан азаматтары құрылыстың мұндай қыруар қаржыға салынатынын білгенде, наразылық танытты. Оның үстіне, Алматы салынған аурухананың құрылысы өте нашар-тұғын әрі тарихи ескерткіштердің орнына салынып, халықтың наразылығын тіптен өршіді.

Ал 30 қарашаа күні тілшілер мен блогерлер BI Group салған аурухананың өте суық, жылу жүйесі нашар екенін айтып компания тағы да сынның астында қалды.

Ал BI Group басшысы, меценат Айдын Рақымбаев бұл жобаға қатысты құжаттың барлығын көрсетемін деп уәде еткенімен, әлі қылмыстық іске қатысты түсініктеме берген жоқ.