Қоғам
Алдағы 10 жылдықта темекі өндірушілер жағдайы қалай болады?
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comЖаңа технологиялар әлемді адам сенгісіз деңгейге дейін ауыстырып жатыр. Тіпті темекі өндірушілер өз өнімдерінен бас тартқалы отыр. Себебі неде?
Темекі шығаратын жетекші компаниялардың бірінің басшысы Томмазо Ди Джованни болашақты қалай көретіні жайлы айтты. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Джованни мырза жаңа темекі өнімдерінің ғылыми дамуына 7,2 млрд доллар инвестиция құйған. Дәл осы өнімнің арқасында темекінің ағзаға әкелелетін зияны төмендеуі мүмкін екен.
«Біздің өнім тек қана үлкен жастағы темекі шегетіндерге, яғни темекіге қатты тәуелді адамдарға арналған. Қарапайым темекіге электронды балама әлдеқайда төмен градуста қызады. Дәл осы себеппен оның ағзаға зияны 90-95%-ға дейін төмендейді» деп өз ойын білдірді Джованни мырза.
Ол 10 жылдан кейін темекі өнімінің нарығын қалай көретіндігін де айтты.
«ДДҰ бағалауы бойынша, таяудағы онжылдықта бүкіл әлемде бір миллиардтан астам темекі шегуші болады. Темекіден бас тартуға мүдделі тараптар бірігіп жұмыс жасауы керек. Сонда 10-15 жылдан кейін кейбір елдер одан толықтай арыла алады. Біз мұны жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз және басқалар да солай жасайды деп үміттенеміз» деп қорытындылады ол.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61