Weekend
Жеңіс, жеңіліс және ақшаның шынайы құндылығы туралы
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comДжек Ма (Alibaba негізін салушы): « Сіз барлық уақытыңызды жұмысқа жұмсасаңыз, ерте ме, кеш пе өкінесіз».
Марк Цукерберг (Facebook-тың негізін қалаушылардың бірі): «Жылдам қимылдап, айналаңыздын барлығын қиратыңыз. Ештеңе қиратпасаңыз, демек сіз жеткілікті деңгейде жылдам қимылдамайсыз».
Ларри Пейдж (Google-дың негізін салушылардың бірі): «Көбіне ең асқақ мақсаттарға жету оңай. Адамдар орындай алмайтын тапсырмаларды алатындай соншалықты ақымақ емес. Бұл сізде бәсекелестер аз болады дегенді білдіреді».
Джефф Безос (Amazon-ның негізін қалаушы): «Сіз жаңа іс бастасаңыз, өзгелердің сізді дұрыс түсінбейтініне дайын болыңыз».
Билл Гейтс (Microsoft негізін салушы): «Істеп жатқан әрекетіңізден ләззат алыңыз. Сонда сіз ешқашан жұмыс істемейсіз».
Илон Маск (инженер, өнертапқыш, PayPal, SpaceX, Tesla негізін қалаушы: «Барынша күш салыңыз. Басқа адам аптасына 40 сағат жұмыс істесе, ал сіз 100 сағат тер төгіңіз. Тіпті бір жұмысты жасай берсеңіз де, нәтижесі 2,5 есе тез болады. Басқаға 1 жыл қажет болса, сіз 4 айда қол жеткіге аласыз. Егер сіз жалқау болсаңыз, өз бизнесіңізді бастауға уақыт жұмсамаңыз».
Джоан Роулинг (Хәрри Поттер (Гарри Поттер) туралы бірқатар романдардың авторы): «Өмірде жиі сәтсіз кездер болады. Егер сіз үнемі қорқып, алаңдап өмір сүрсеңіз, сәтсіздікке ұшырайсыз».
Майкл Блумберг (Bloomberg иесі): «Кәсіпкерлік бұл бизнесті иелену ғана емес. Бұл – әлемге қараудың тәсілі, басқалар кедергі көретін жерден мүмкіндік табу және өзгелер қорққанда тәуекелге бару».
Бернар Арно (Louis Vuitton бас директоры): «Сіз бірдеңе жасау керек деп ойласаңыз, оны өзіңіз жасаңыз. Бізде, француздарда, жақсы идея көп, бірақ біз оларды сирек жүзеге асырамыз».
Жорже Паулу Леманн (3G Capital негізін салушы): «Мен әрдайым үлкен нәрсені армандау кішкентайдан гөрі қиын емес деп айтамын. Армандаудан қорықпаңыз!».
Опра Уинфри (тележүргізуші): «Менің қаржылық жетістігімнің құпиясы – ешқашан ақша туралы ойламағанмын».
Ричард Брэнсон (Virgin Group негізін қалаушы): «Бизнес үйрену жүріп үйрену сияқты. Сіз тек нұсқаулықтарды орындамайсыз. Сіз құлап, қайта тұрып барып үйренесіз».
Сергей Брин (Google-дың негізін қалаушылардың бірі): «Барлығы бақытты ақшаға сатып алмайсың дейді. Оған қарамастан, мен әрқашан қомақты қаражат мені сәл болсын бақытты етеді деп ойлағам. Олай болмай шықты».
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61