Әлем жаңалықтары
Димаш Құдайбергенді АҚШ-та өнер көрсетті
АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байденді ұлықтау апталығының ашылуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Онда қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қазақтың халық әні "Самал тауды" орындады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Салтанатты шараны бауырлас қалалардың халықаралық қауымдастығы «Sister Cities International» ұйымы өткізді. Коронавирус пандемиясына байланысты биыл шара онлайн-режимде өтті.
Тарихта алғаш рет Sister Cities International және АҚШ президентін ұлықтау мерекесі апталығына қазақстандық әртіс қатысты.
SCI бас директоры Лерой Аллала өз кезегінде қазақстандық орындаушының шығармашылығы адамдарды, олардың мәдениеті мен тілін біріктіретінін атап өтті. Мерекеде белгілі спикерлер мен орындаушылар сөз сөйледі. Олардың ішінде: губернатор Билл Аноабутти, Джозефина Биверс, генерал-майор Армандо Кабада, конгрессмен Элеонора Холмс Нортон, майор Тим Келлер, сенатор Боб Менендез, АҚШ теңіз оркестрі, Кэрол Робертсон Лопез және басқалары бар.