Bugin

Өміріңізге не жетіспейді? Суреттен ғаламшарды таңдап, жауабын біліңіз

Біздің өмірімізде бірдеңе дұрыс болмай жатса, бейсанамыз жиі белгі береді.Бірақ адамдар оны байқай бермейді.Қазіргі сәтте өміріңізге не жетіспейді? Жауабын суреттен табыңыз.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тестті қалай тапсырамыз?
 

1.Ең алдымен көзіңізді жұмып, ештеңе ойламауға тырысыңыз.

2.Дәл қазір сіз ғарыштасыз. Соны елестетіңіз.

3. Ұшқаныңызды, жеңілдікті, тыныштықты сезініңіз.

4. Енді ғарыштың суреттеріне назар аударыңыз.

5. Сіз жаңа ғана қай ғарышта болдыңыз?

 

1. Егер сіз осы ғарышты таңдаған болсаңыз, демек сізге демалыс жеткіліксіз. Сіз қазірдің өзінде таусылып, шаршағаныңызбен, бар күшіңізбен жұмыс жасаудасыз.

Аздаған уақытқа үзіліс жасап, өзіңізге демалыс жариялаңыз.

2. Қазір сізге жақын адамдарыңыздың қамқорлығы қатты қажет. Қарым-қатынаста сізге махаббат пен нәзік романтика жетіспей жүргендей.

Жалғыздықтан шаршаған сияқтысыз, бірақ айналаңыздан күткен махаббатты басқаларға да сыйлай біліңіз.

3.Сізге адамдардың назары мен қолдауы жетіспейді.Бұл жағдай сізді тығырыққа тіреп, депрессиялық көңіл-күйде жүруіңіз мүмкін.

 Оған жол бермеу үшін ішкі сезімдеріңізге назар аударыңыз.

4. Сізге өзіңізге деген сенімділік жетіспейді. Осы сәттен бастап өзіңіздің бағалауыңызды жақсарту үшін жұмыс жасаңыз. Өзіңізді жиі мақтаңыз.Өзіңізге өзіңіз сенбесеңіз, сізге ешкім сенім білдірмейтінін ұмытпаңыз!

5. Қазіргі уақытта сізге жаңа эмоциялар жетіспейді. Өмір сүру салтыңызды немесе мамандығыңызды өзгертіп көрсеңіз қайтеді?

Күндеріңізді қалай әртараптандыруға болатынын ойластырыңыз.Өзіңізге өзіңіз ғана көмектесе аласыз!

6. Сіздің өміріңізге шынайы шытырман оқиғалар, ғажайыптар жетіспейді. Саяхатқа шығыңыз, жаңа адамдармен танысыңыз,бұл сізге күш береді.

Әлемді танудың әр күні ғажайыпқа толы екенін ұмытпаңыз.

7. Ерік–жігердің мықтылығы – сізге дәл қазір жетіспейтін нәрсе. Өміріңізде іс-әрекеттеріңізге неғұрлым табанды және батыл болуыңыз керек. Өз уақытыңызды дұрыс мақсатта жоспарлай біліңіз, жалқаулықтан аулақ болыңыз!

8. Дәл қазір сіз жақсы досқа өте мұқтажсыз. Сізге ең қиын кездерде көмектесетін, жаныңызды ұғар жан қажет.

Айналаңыздағы адамдарды саралап көріңіз,жақын адамыңыз жаныңызда жүрген шығар?! Сырлас досыңыз пайда болғанда өміріңіздің қалай өзгергенін байқамай қаласыз!