Bugin

Тұлғалық тест: Сізге қай балмұздақ ұнайды?

Психологтар адамдың тұлғалық ерекшелігін 5 минутта анықтауға болады дейді.Мысалы, тест арқылы адамды тез тануға мүмкіндік бар.Ол үшін төменде берілген суреттен ұзақ ойланбай бір балмұздақты таңдаңыз!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

1.Шоколадті балмұздақ

 

Бірінші балмұздақты таңдасаңыз, сізді тұлға ретінде сипаттайтын қасиеттер мынадай:

• тұрақтылық – сіз үшін басты принцип;

• өз эмоцияларыңызды ешқашан ешкімге көрсетпейсіз;

• кез-келген сәтте көмекке келетін жансыз.

Сізге қарап айналаңыздағылар «не деген бақытты адам!» деп ойлайды.Ал жаныңызға үңілсе,бейберекетсіздікті, хаосты ғана көрер еді.Эмоцияңызды жасырып жүре беру сізге жақсылық әкелмейді! Адамдарға , әлемге ашылыңыз.

 

2.Шоколадты жалбыз эскимосы

 

Сіз туралы мыналарды айтуға болады:

• басқаларға ұқсауды ұнатпайтын жарқын тұлғасыз;

• сіз өте жігерлі адамсыз, қандай да бір қиындықтың сізді тоқтатуы қиын;

• бәріне өзіңіз қол жеткізуге дағдыланғансыз.

Сіз жарқыраған шам секілді шуақты адамсыз!Позитивті өмір сүру салтыңызбен ерекше көзге түсесіз.Тіпті, сіз сияқты болғысы келетіндер де аз емес.Басты кемшілігіңіз – менмендігіңіз.

3.Кремді балмұздақ

 

Сізді тұлға ретінде төмендегідей сипаттауға болады:

 

• сіз ақылдысыз және әрдайым қадамдарыңызды алдын-ала есептейсіз;

• арманшыл жансыз;

• әрқашан жаңа идеялар мен жетістіктерге ашықсыз.

Адамдар сізге қызыға да, қызғана да қарайтыны анық.Өте ақылдысыз,өмірге өзіндік ерекше көзқарасыңыз бар.Жаңа нәрселерді білуге деген ұмтылысыңыз сізді биікке жетелейді.Тек кейде тым салқынқандысыз.

 

4.Карамельді құлпынай эскимосы

 

Сіздің жиі көзге түсер қасиеттеріңіз:

• қарапайымсыз;

• жанашырсыз, эмпатиялық деңгейіңіз жоғары;

• мейірімділік пен әдептілік.

Сіз осы әлемнің жарық нұрындайсыз. Әрқашан айналаңыздағы барлық нәрсені жақсы жаққа өзгертуге тырысасыз.Сыртыңыздан көрген адам жымиып, жақсылыққа сенгісі келеді.

Сіз адамдарға үміт сыйлайсыз! Басты кемшілігіңіз - өзіңізге сенімсіздігіңіз.

 

5. Жаңғақты балмұздақ

 


Сіздің таңдауыңыз тұлғалық ерекшелігіңізді төмендегідей сипаттайды:

• сіз біртектілікті ұнатпайтын хаотикалық адамсыз;

• қуатыңыз тасып тұрғандай, ішіңізде үлкен күш бар;

• өте талантты адамсыз.

Өмірдегі басты мақсатыңыз – атақты ,табысты адам болу.Біртүрлі мінезіңіз қабілетіңізбен астасып кетеді.Мұндай адамдарды талант дейміз.Сізде адамдарды өзіне тартып тұратын ерекше магнетизм бар, бірақ кейде бойыңыздан тәкәппарлық та көрініс беріп жатады.

Өміріңізді жақсартқыңыз келсе, өзіңізден бастаңыз.Өзіңізді дамытумен, өзіңізді танумен айналыссаңыз, барлық жаман қасиеттеріңізді жақсы жаққа өзгерте аласыз.

 

Егер тест ұнаса, достарыңызға, жақындарыңызға таратып, өзіңізге сақтап алыңыз!