Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда пәтер бағасы өседі деп болжанды

Елімізде пәтер шамамен 10-15%-ға қымбаттайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жыл сайын пәтер сатып алушылар саны артып келеді. 2020 жылы 94 737 тұрғын үй пайдалануға берілген. Сарапшылар баға қымбаттайды деп болжайды. Оған алдымен зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану туралы заң себеп.

«Кез келген өзгеріс бұл нарыққа әсерін береді. Міндетті түрде. Сол себептен де жылжымайтын мүлік нарығына әсерін тигізеді деген сенімдемін. Бірақ өсу енді 10-15 процент болуы мүмкін. Одан әрі өсуі мемлекет тарапынан реттелуі мүмкін. Бірақ қазір байқап отырсаңыз желтоқсаннан бастап нарық 8-10 процентке өсіп отыр. Сол себепті әсерін тигізеді. Және де бағасы қымбаттайды» дейді қаржылық кеңесші Күнікей Нұрлан.