Қоғам

Мағжан сенген жастар қайда?

«Тар заман, тайғақ кешуде» ғұмыр кешкен ұлы бабамыз барлық арман- тілегін келешекке артып, болашақ жастардан ғана үміт күткен секілді. «Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты – Мен жастарға сенемін»- деген өлең жолдарынан үлкен ғұламалықты байқаймыз.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жалындаған жастар қауымы ұлтымыздың кемел келешегінің иесі екендігін әрдайым есте ұстау керектігін анық ескертеді. Мағжан келешек жастардың мейірім мен қайырымға бөленген тамаша мінезін, ананың ақ сүтінен нәр алған кір шалмаған таза жүрегін, жеке мүдде мен жалқы пенделіктен аулақ қасиетті тілегін армандайтынын аңғартып өтеді.

ХХІ ғасырда өмір сүріп, дамыған өркениеттердің қайнаған ортасында жасап жатқан біз секілді жастарды «Бабалар бағындырған биіктің, олар жеткен тереңдіктің қай деңгейінде жүрміз?» деген сауалдардың мазалайтыны шындық. Күрмеуі көп күрделі қоғамда елдің қамы түгілі өзіміздің жайымызды ойлай алмай жүрген жөніміз бар. Мағжан атамыздың өлеңін оқып отырып: «Біз қандаймыз? Алдамшы сезімдердің жетегінде кетіп, ұлттық рухтан көз жазып қалмадық па?», - деген ауыр ойлармен қамығып қаламыз.

Мағжан сенген жастар қайда қазiр? Жаңалықтарды қарай қалсаң 1әкесін сабапты, шешесін ұрыпты, баласын далада қалдырыпты1 деген жазбалардан көз ашпайтын болғанбыз. Көздерінде от, сөздерінде жалыны бар жастар осы ма? Түрі қазақ, тілі басқа жастармыз қанша... Еліктегені батыс, жүріс-тұрысы жынойнақ. Ал оның барлығы ненің кесірінен?! Қандай себеп болып отыр? Қазақтың санасын, жүрегін, иманын кім уландырып жатыр? Мұрнының астындағыдан әрiнi ойламайтын болып, итке тасталған сүйек­тей мардымсыз еңбекақыны малданып, пәтер жалдап, бiр-екi бала-шағасын асырай алмай, әрең-әрең жан бағып жүрген жастарымыз Ыбырай аталарының:

Желкiлдеп шыққан көк шөптей,

Жаңаөспiрiм достарым,

Қатарың кеттi алысқа-ай,

Ұмтылыңыз қалыспай! –

деген өлең жолдарын оқып, түйсi­нуге өрелерi жетер ме екен ендi­гi жерде? «Мен сенемін жастарға,
Алаш атын аспанға,
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!»- деген бабалардың асыл мұратын ту етіп көтеріп, замана ауанын қапысыз меңгеріп, алаш жұртының мақтан етерлік ұлағатты ұрпағы бола алсақ қана алаш қайраткерлерінің бізден күткен үмітінің ақталғаны деп білемін! Жас достарға айтарым мынау: Елі үшін еңбек етер, мұратқа талмай жетер, балғын бала шақтан нұрлы болашаққа жарқын қадам жасайтын егеменді ел ертеңі біздер екенімізді әрқашан жадымызда сақтайық.