Hi-Tech
iPhone 13-тің орнына жаңа құрылғы
Apple компаниясы 2021-де iPhone 12s смартфондар сериясын шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы қытайлық ChinaMobole басылымы хабарлады деп жазады Bugin.kz платформасы.
Екінші жартылдыққа жоспарланған смартфондар қазіргілерден біршама ерекшеленбек. Осыған байланысты Apple iPhone 13 атауынан бас тарту туралы шешім қабылдады. Халық күтіп жүрген 13 нұсқасы 2022 жылға қалуы әбден мүмкін. Ал 2021-де iPhone 12s атауымен жаңа смартфон таныстырылады.
Журналистер келесі буындағы Face ID сенсорына арналған экран кескіні кішігірім ғана, ал дисплейді жаңарту жылдамдығы 120 герц болады деп болжады. Сонымен қатар, барлық смартфонның камерасы лазерлік. Гаджеттер жаңа Apple A15 Bionic чипімен шығады.
Әзірге құрылғыларды дәл 2020 жылдағыдай iPhone 12s, 12s mini, 12s Pro, 12s Pro Max ретінде шығару жоспарланған.
Apple-дің S постфиксін иемденген соңғы смартфоны 2018 жылдың қыркүйегінде таныстырылған. 2017 жылы шығарылған iPhone X смартфонына қарағанда iPhone Xs құрылғысы әлдеқайда ұтымды болған еді.