Bugin
Мұндай сақал ең алғаш 2019 жылы бейсболист Майк Фирсте болған
2021-дің тренді – жанурадың құйрығы іспеттес сақал. Daily Mail журналисі әлеуметтік желідегі жазбаларға зер салып, осындай қорытынды шығарды.
Ол қалай десеңіз, мұрттың бір бөлігі иектегі сақалға қосылады, ал екінші бөлігі қырылған әрі ерінге қарай сәл бұйраланған.
Басылымның мәліметінше, мұндай сақал ең алғаш 2019 жылы бейсболист Майк Фирсте болған. Ол сақалын тек қызық үшін солай қырғанын айтыпты.
Ал қызық үшін басталған образ 2021 жылы трендке айналды. Әлеуметтік желіде “жануардың құйрығы” іспеттес сақалдылардың фотолары көбейді. Daily Mail журналисі 10 мыңға жуық фото кездестірген. Флешмобтың кей қатысушылары бұл образды “мысықтың құйрығы” деп те атайтын көрінеді.