Bugin
Бәрі Джо Байденге байланысты
Ресей рублі түрік лирасы сияқты әлем тарихында болмаған құлдырауға ұшырады. Бұған Навальныйдың ұсталуы себеп болған. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы Ura.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.
18 қаңтар күні Мәскеу биржасында рубль құлдырады. Доллардың бағамы 34 тиын, еуро 41 тиын қымбаттады.
"Валюта бағамы елде болып жатқан оқиғалардың қиындығы мен қаупіне тікелей байланысты. Ал Навальныйдың елге оралуы – қауіп. Егер рубльдің құлдырауына тағы бір себеп табылса, онда ұлттық валюта мүлдем құлдырайды", - дейді қаржы нарығының сарапшысы Дмитрий Голубовский.
Сарапшының айтуынша, Джо Байден бастаған АҚШ үкіметі Ресейге қарсы қатаң шаралары күшейтіп, санкцияны жеделдетсе, онда Ресей шынымен де қиын жағдайда қалмақ.
"Ал Навальныйдың ісі осыған әкелуі мүмкін. Байден экс-президент Дональд Трамптың саясатын қайта жасақтап, Ресейге қарсы күш жұмылдыруы ықтимал. Ал бұл ресей азаматтарының бәріне қиын тиері анық", - дейді сарапшы.
Заманауи даму институтының қаржы бағыты бойынша басшы Никита Масленниковтың айтуынша, Навальный ісі АҚШ-тың жаңа санкция қолдануына желеу болуы мүмкін.
"Егер санкцияның қара тізіміне Владимир Путин мен оның жақтастары енсе, онда Ресей қиын жағдайда қалмақ", - дейді қаржыгер.