Денсаулық
Лондонның тұрғыны Джо Хупер мәңгілік жастықтың құпиясын бөлісті
Daily Mail хабарлағандай, 55 жастағы үш баланың анасы өзін қалай жақсы күйде ұстай алатынын айтты.
Ол 17 жасқа дейін балетпен айналысқан. 5 жыл бұрын спортзалға балет элементтерін, функционалды күш жаттығуларын, пилатес пен йоганы біріктіретін жаттығуларға барған.
«Бұл өте қызық және бұлшық етті тамаша жаттықтырады» дейді.
Британдық әйел әр таңда бетке арналған бюджеттік күтім кремін қолданатынын айтты. Ол қымбат құралдарды пайдаланып көрген. Бірақ айырмашылықты сезінбегенін ашық мәлімдеді. Ұйықтар алдында ол денеге май жағып, массаж жасайды.
Хупердің айтуынша, терінің күйіне опа-далап емес, салауатты өмір салты әсер етеді.
Ол ботокс салдырмаған. Табиғи макияжды ұнатады. Әдетте ол тек праймер мен кірпікке арналған бояуды пайдаланады. Бұл әдет оған жас көрінуге көмектеседі.