Bugin

Несие рәсімдеп Марсқа ұшуға болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Илон Маск Марсты бағындыру үшін барлық мүлкін сатпақшы. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Business Insider-ге сілтеп хабарлайды.

Оның айтуынша, Марста жоспарланған қалашықты салу үлкен қаражатты қажет етеді. Маск өз мүлкін сатып батылдығын көрсеткісі келеді.

"Менде компания акцияларынан өзге құнды ештеңе қалмады. Қиындықтарды шешу үшін жұмыс орнында қонуға дайынмын» деді кәсіпкер.

Business Insider-дың хабарлауынша, Маск әлемдегі бай адамдар тізімінде Джефф Безосты басып озған соң, Twitter-дегі парақшасына 2018 жылғы жазбасын қайта жариялады. Ол өз қаражатына Марста қала салуға уәде берді.

Маск бұған дейін 2050 жылы Марста 1 миллион адамды қоныстандырып, 1000 жұлдызшадан тұратын флот салу жайлы жоспарымен бөліскен. Илон Маск Марсқа ұшу мүмкіндігі жоқ адамдар үшін несие мен жұмыс орнын беруге дайын екенін мәлімдеді.