Шығыс Қазақстан облысы
Өскемендіктер бұл жағдайды қалай қабылдады?
«Қазақстанның қалаларында елтаңба мен басқа да геральдикалық символдардың болуы қолданыстағы заңнамада қарастырылмағаны белгілі. Дегенмен, қарапайым, заманауи және де көркемдік мағынасы бар бірыңғай символика туристік тартымдылық пен жалпы қаланың имиджін қалыптастыруға септігін тигізер еді» деді қала әкімдігі.
Логотипте Алтай таулары мен Үлбі өзенінің Ертіске құяр сағасы бейнеленген.
Логотип ресми іс-шаралар кезінде, кәдесыйлық және басқа да атрибуттарды брендтеу үшін қолданылады.
Өскемендіктердің ойы екі тарапқа бөлінді: «Біздің қаланы бұндай талғамсыз логотиппен ұятқа қалдырмаңыздар. 2000 жылдардың басында қалып қалған сияқты», «Маған ұнады! Кім салса да, біздің таулар мен өзендер тамаша бейнеленген».