Қазақстан жаңалықтары

"Тақиялы періште" қайта туылмасы анық

Тақиялы періште дүниеден озды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақ өнерінің «Тақиялы періштесі» атанған Әлімғазы Райымбеков дүниеден өтті. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Актердың жерлеу рәсімі 20 қаңтарда Алматы облысы, Көксу ауданы, Мамбет ауылында өтеді.

Әлімғазы Райымбеков көрерменге режиссер Шәкен Аймановтың қазақ киносының алтын қорына енген «Тақиялы періште» кинофильмі арқылы танымал.

Ол 1936 жылы 1 желтоқсанда Алматы облысында туған. Ғұмырының соңына дейін Талдықорған қаласында өмір сүрді. Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері. Биыл аймақ жұртшылығы оның 85 жасын атап өтуді жоспарлап отырған.

Еңбек жолын совхозда жүргізуші болудан бастаған. Ол 1965 жылы алғашқы «Ән қанатында» фильміне түсіп, спортшы ретінде эпизодтық рөлде ойнайды. Одан бөлек «Қилы кезең», «Көгілдір такси», «Қан мен тер» және «Егер сіз он екі жаста болғанда» фильмдерінде ойнады. Ал 1968 жылы қазақ киносының мақтанышы «Тақиялы періште» киносында басты рөлді актриса Әмина Өмірзақовамен бірге сомдап шықты. Әбілғазы Райымбеков бас-аяғы 12 фильмге түскен.