Bugin
Қыстың ғажайып табиғатын сырғанақ тебусіз өткізуге болмайды. Назарыңызға Алматыдағы қысқы демалысты көңілді өткізуге арналған жерлердің тізімін ұсынамыз
1.OI-QARAGAI (LESNAYA SKAZKA)
Сіз үшін барлық мүмкіндік жасалған. Қажетті құралдарды өзіңізбен әкеле алмайсыз. Есесіне жалға ала аласыз.
Сноутюбпен бір реттік сырғанау – 600 теңге,
Бес реттік – 2500 теңге,
Он реттік – 4500 теңге.
Мекен жайы: Талғар ауданы, Ой-Қарағай тау шипажайы, Іле Алатауы.
Байланыс телефоны: +7 727 31 20 008
2.ТАУ КҮНІ (ГОРНОЕ СОЛНЦЕ)
Мұнда шана, баллонмен сырғанай аласыз. Таза ауадағы ұзақ уақыттық серуеннен соң шатырда жылынып, тіскебасар жей аласыз.
Жұмыс уақыты: 10:00-17:00
Кіру құны: ересектерге – 1500, балаларға – 1000 теңге. 4 жасқа дейінгі балаларға тегін.
Мекен жайы: Керей-Жәнібек көшесі 502
Байланыс телефоны: +7 707 110 7010
3.АЛМАТЫ ҚАР САЯБАҒЫ (ALMATY SNOW PARK)
Almaty Snow Park – Алматы Аренада орналасқан отбасылық қысқы ойын-сауық мекені.
Кәмелеттік жасқа толмаған көп балалы отбасы балалары мен балалар үйі, I, II және III топтағы мүгедектер, зейнеткерлер үшін 50% жеңілдік қарастырылған.
Сноубордтты жалға алу құны: 16 жасқа дейінгі балаларға – 1000/1200 тг, 21 жасқа дейінгі студенттерге –1300 тг, ересектерге – 2000/2500 тг.
Конькиді жалға алу құны: 15 жасқа дейінгі балаларға – 500 тг, жоғары жастағы балаларға – 1000 тг.
Мекен жайы: Нұркент ықшамауданы 7
Байланыс телефоны: +7 727 225 10 10
4.АҚ БҰЛАҚ (АК БУЛАК)
Баллонда сырғанау құны – 1500 тг, ересектерге травелаторлы баллонмен бір реттік көтеру қызметі – 500 тг, 12 жасқа дейінгі балаларға – 300 тг.
Мекен-жайы: Рысқұлов ауылы, Талғар ауданы
Байланыстар: +7 727 259 94 90, +7 707 763 9910
5.ҮШ АЮ (ТРИ МЕДВЕДЯ)
Экологиялық қауіпсіздік үшін 450 теңге төлеу қажет. Бұл жерге №28 автобуспен жете аласыз.
Мекен жайы: Дулати көшесіндегі экопосттың арты, әл-Фараби даңғылынан 12 шақырым жерде «Ақ аю» шатқалында орналасқан.