Әлем жаңалықтары
Ол Байденнің әйелін қарсы алудан бас тартты
Мелания Трамп Ақ үйдің 70 жылдық дәстүрін бұзды. АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың әйелі болашақ бірінші ханым Джилл Байденді Ақ үйге экскурсияға шақырудан бас тартты. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Айта кету керек, 70 жылдық дәстүр бойынша қызметінен кеткен президенттің әйелі болашақ бірінші ханымды жылы қарсы алуы керек. Осыдан төрт жыл бұрын Мелания Трампты Мишель Обама Ақ үйге шәйға шақырып, экскурсия жасаған болатын.
Жылдай бойғы дәстүрді алғашқы болып Трамптың әйелі бұзды. Одан бөлек Мелания Ақ үйден 47% сапа көрсеткішімен кетпекші. Бұл алдыңғы ханымдардың көрсеткішінен едәуір төмен.
АҚШ-та билікті мұндай жолмен табыстау дәстүрі 1952 жылы басталды. Гарри Трумэннің әйелі Бесс Трумэн алғашқы рет Мэми Эйзенхауэрді экскурсияға шақырған.
Айта кету керек, Трамптың отбасы да Байден және оның әйелімен таңғы ас ішуден бас тартқан.