Денсаулық
Вакцина салдыру 1 ақпанда басталады
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comДенсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде есепке алуды жүйелеу мақсатында вакцинацияның электрон паспорты әзірленгенін айтты. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
"Вакцина салдырғаны туралы мәлімет министрліктің орталықтандырылған ақпарат жүйесіне электронды форматта енгізіледі. Мәліметті пациент және медицина қызметкері m-gov қосымшасында өзі жүктеп, енгізе алады. Жүйе жаһандық ақпарат жүйелерімен интергацияланады және вакцина алған адамдарға талап еткен және кез келген жерде еркін жүруіне мүмкіндік беріледі", - деді Цой Үкімет отырысында.
Айта кетейік, бұған дейін министр елімізде коронавирусқа қарсы вакцинациялау 1 ақпанда басталатынын және жыл соңына дейін 6 миллион қазақстандыққа екпе салынатынын айтқан еді.
Сондай-ақ министр вакцинациялау кезеңдері мен кімдерге бірінші кезекте салынатынын түсіндірді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61