Bugin
«Қатерлі ісіктің негізгі себебі – темекі түтіні» дейді Александр Мясников. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды
Статистикаға сәйкес, қатерлі ісіктің 40%-ы темекінің салдарынан туындайды. Сонымен қатар құрылыс заттары да ауру тудыруға себепші.
"Ауру тудыратын концерогендер тамақпен байланысты. Мәселен, қуырылған, тұзды тағамдар. Тұз – асқазан қатерлі ісігін тудырушы негізгі фактор. Шұжық асқазанның ғана емес, ағзаның басқа да мүшесінің қатерлі ісігін тудырады» деді Мясников "Ресей-1" телеарнасына берген сұхбатында.
Аурудың тағы бір себебі – қозғалыстың аздығы. Мясников В, С гепатиті, вирустар мен инфекциялар қатерлі ісікті тудыруы мүмкін екенін айтты. Дәрігер қатерлі ісіктің болмауы үшін дұрыс тамақтануды, спортпен шұғылдануды ұсынады.