Bugin

Әлемде Қазақстан әскері нешінші орында?

Ең мықты әскер Америка мен Қытайдікі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Халықаралық Global Firepower компаниясы 2021 жылдың әскери рейтингісін жария етті. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы компанияның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Халықаралық ұйым ұсынған деректерге сүйенсек, әлемнің ең мықты армиясы АҚШ пен Қытайдікі екен.

Ал Орталық Азияда ең мықты әскер  Өзбекстандікі. Өзбек елінің әскері әлемде 52-орында. Әскер саны – 50 мың, әскери шығыны – 15 млрд АҚШ доллары.  

Ал Қазақстан 62-орында. Қазақстанның әскер саны – 125 мың, ал әскери шығыны – 4 млрд АҚШ доллары. Қазақстанның әскери саласына бөлген қаржысы Өзбекстаннан төрт есе аз.

Түркіменстан 86-орында: 22 мың әскері бар, әскери шығыны – 800 млн АҚШ доллары.

Қырғызстан 93-орында: 11 мың әскеріне 20 млн доллар қаржы бөледі.

Global Firepower Index авторлары әлем елдерінің әскери рейтингісін құрастырарда басты 50 сипаттамаға мән береді.

Сарапшылар ядролық қарудың бар-жоғы, елдің географиялық жағынан орналасуы, әскери техникасының саны мен сапасы, әскери флотқа, әскери өндіріске, елдің әскери және саяси басшылығына қарайды.