Саясат

Медведев Назарбаевты құттықтады

Назарбаев пен Медведев телефон арқылы сөйлескен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

“Бірлескен Ресей” саяси партиясының төрағасы, Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Нұрсұлтан Назарбаевты Nur Otan-ның жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Назарбаев пен Медведев телефон арқылы сөйлескен.

“Медведев Елбасын ҚР Парламент Мәжілісі сайлауында айқын жеңіске жеткен Nur Otan партиясын құттықтады. Дауыс беру нәтижесін ол партияға деген халықтың зор сенімінің көрсеткіші деп айтты”, - деп келтірді екі саясаткердің сөзін Назарбаевтың баспасөз қызметі.

Ал Назарбаев болса Дмитрий Медветевке ізгі тілегі үшін алғыс айтқан. Тіпті Nur Otan мен “Бірлескен Ресей” партияларының рухтас екенін, ел мүддесі үшін аянбай еңбек ететінін де ескерді.