Қоғам

KidZania – балалар ғана "өмір сүретін" ғажайып қала

Жапония баланың ой-өрісін дамыту үшін бұрын-соңды болмаған жоба ойлап тапқан еді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2006 жылы Токиода KidZania атты ерекше қала пайда болды. Ерекшелігі – онда тек балалар ғана тұра алады. Әрине, 1 күнге.  

Кей деректерге сүйенсек, “Балаларға арналған қала” жобасы негізінен Мексикада пайда болды. Қалаға кірген баланың қолына екі зат беріледі. Біріншісі, баланың қайда жүргенін көрсететін білезік және қала ішінде жұмсайтын «кидзо» яғни ақша. KidZania ішінде өзге валюта тиімсіз.

Балаға берілетін кидзо көп емес. Алайда қаланың мақсаты да сол, өзіне керекті ақшаны бала жұмыс істеп таба алады. Қалай дейсіз ғой?

Қаланың кішкентай тұрғындары үшін таңдауға 90 түрлі мамандық түрі беріледі. Өзі таңдаған мамандық бойынша бала жұмыс істейді. Ол үшін қажетті жұмыс киімі де, курстар да қарастырылған. Мәселен, тааксиші де бола алады, мұғалім, ұшқыш, өрт сөндіруші де болады. Таңдау еркі баланың өзіне беріледі. Банкке жұмысқа тұру үшін 50-ге дейін санай білуі қажет.

Тіпті жалған сайт немесе газет үшін мақала да жаза алады. Осылайша копирайтинг негіздерін үйрене бастайды. Қаласа, диктор да  бола алады.

KidZania-да мектеп те, аурухана да, телевизиялық арна, сән салондары, аэропорт, дүкен, тіпті мейрамханалар да бар. Бала қандай мамандықты таңдамасын, жалақы мөлшері бәріне ортақ – 8 кидзо.

Егер мектепті үздік бітіріп, бакалавр деңгейіне өткен жағдайда, жалақы 15 кидзоға жоғарылайды.

Ал бала мамандықты ауыстырғысы келсе, супервайзерге ескертсе болғаны.

Дереккөз: factsite.ru