COVID-19
Британдық British Airways әуекомпаниясының ұшқышы коронавирус жұқтырып, ауруханада 8 ай жатқан
Техас штатының тұрғыны 59 жастағы Николас Синнотт 2020 жылдың наурызында тыныс алуы нашарлап, ауруханаға түскен. Дәрігерлер алдымен науқастың өкпесін желдетіп, кейін жасанды жүрек аппаратына қосқан. Бұл туралы Bugin.kz платформасы NewsWep сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
“Ішкі ағзасын Covid-19 вирусы түгел зақымдаған. Бұған дейін ұшқышқа тән денсаулығы өте жақсы болғандықтан ағзасы вируспен күресе алды”, - деді науқасты емдеген кардиолог Бисваджит Кар.
Николас Синнот ауруханада 243 күн жатты. 54 жастағы әйелі де күн-түн демей жанында болып, сауығып шығуына жәрдемдескен.
Ер адам әйелінің қолдауының арқасында сырқатын жеңе алғанын айтады.