Bugin
Мұнда алғашқы селфи де, той суреті де бар
1.Тарихтағы ең алғашқы фотоны 1822 жылы франциялық Жозеф Нисофер Ньепс түсіріп алған. Фотоның оригинал түрі бүгінгі күнге дейін сақталмаған.
Тарихта оны “Терезе сыртындағы көрініс” деп атайды.
2. Адаммен түсірілген алғашқы фото. 1838 немесе 1839 жылы түсірілген. Авторы: Луиз Дагуэр. Айта кетерлігі, бұл Парижде түсірілген ең алғашқы фото.
3. Сіздіңше, селфи XXI ғасырда пайда болған ба? Негізінен, жақыннан түсірілген адамның алғашқы суреті автопортрет деп аталды. Ал алғашқы автопортреттің иесі Филадельфиядағы эмигранттың ұлы Роберт Корнелиус болды. Фото 1839 жылы түсірілген.
4.Ең алғашқы әйел фотосы 1839 жылы түсірілді. Әйгілі америкалық фотограф Джон Дрейпер қарындасы Дороти Кэйтрин Дрейперді фотоға түсіреді. Әрі бұл әйел адамның алғаш фотоға түсуі.
5.Ең алғашқы той суреті 1840 жылы 10 ақпанда түсірілген. Ұлыбритания патшайымы Виктория мен Альберт ханзаданың тойы.
Фотолар ашық дереккөзден алынды.