Әлем жаңалықтары
Бұл пікірді халықтың 47%-ы қолдайды
Америкалықтардың жартысына жуығы экс-президент Дональд Трампты АҚШ тарихындағы ең нашар көшбасшылардың бірі деп санайды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
NPR/Marist сауалнамасының нәтижесі бойынша, халықтың 47%-ы аталған пікірді ұстанады екен. Ал 16%-ы Трампты «ең мықты» көшбасшы деп есептейді.
Дауыс берушілердің 11%-ы оны орташа деңгейді көшбасшы қатарына жатқызды. 13%-ы тіпті орташадан да төмен деген баға берді. Қалған 2% респонденттер дауыс беруге қиналды.