Bugin

Google арқылы Мысырға онлайн саяхаттаңыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 Google Art&Culture онлайн-платформасы америкалық зерттеу орталығының Каирдегі археологтарымен бірлесіп Мысыр мәдениетін тамашалауға арналған платформа құрды. Бұл туралы Bugin.kz  хабарлайды.

Бүгінде платформада елдің мәдениеті мен тарихы жайлы 35-тен астам бөлім бар. Мұнда адам денесінің қалай мумияға айналатынын көре аласыз. Ғимараттардың қай жылы салынғаны жайлы тарихи анықтама бар. Сонымен қатар онлайн платформа арқылы Мысырдағы археологиялық зерттеулерді көруге мүмкіндік берілген.

"Осы жоба арқылы ғылыми жобаларды көпшілікке оңай әрі қызықты жеткіземіз деген үміттеміз" деді Google Arts & Culture өкілі.