Саясат
Песков "Дворец для Путина" атты фильмге қатысты пікір білдірді
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков оппозиционер Алексей Навальныйдың "Дворец для Путина" фильміне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
"Жоқ, танысып шықпадық, көрмедік. Алайда мұның өтірік екені рас", - деп жауап берді Песков журналистердің фильм жайлы қойған сұрақтарына.
YouTube-те жарияланған "Путинге арналған сарай. Ең үлкен параның тарихы" атты деректі фильм бірнеше сағат ішінде 11 миллионнан астам қаралым жинады. Фильмде Навальный оны Ресейге оралғанға дейін түсіргені туралы айтылған.
Фильмге 400 мыңнан аса адам пікір қалдырған. Оның ішінде Путиннің де, Навальныйдың да жақтастары бар. Біреулер тіпті әзілдепті. «Путиннің әжетханасы пәтерімнен қымбат», Окей, Гугл: Путиннің туысқаны атанудың жолы бар ма?» деген сынды сатиралық әзілдер де бар.