Алматы
Алматыда 11-сынып оқушылары үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды
ҰБТ 2021 жылдың 20-30 қаңтар аралығында Алматы қаласының 5 ЖОО базасында өтеді. Тестілеу өткізу пункттерінде күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы қамтамасыз етіледі.
Денсаулық сақтау мақсатында мынадай жоспарлар бекітілді:
- медицина қызметкерлерінің кезекшілігі;
- медицина қызметкерлері күн сайын ҰБТ өткізу пунктінің барлық қызметкер мен тест тапсырушының денсаулығын қадағалайды, дене температурасын өлшейді, адамдардың жиналуына, дәліздерде күтуіне жол берілмейді;
- кіргізу кезінде тест тапсырушылар арасындағы кемінде 2 метрлік қашықтық сақталады;
- ҰБТ өткізу пункттеріне жіті респираторлық вирустық инфекция (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) белгілері бар адамдар жіберілмейді;
- дезинфекциялық тоннелдер мен аяқ киімге арналған кілемшелер, санитайзерлер орнатылады;
- шыққан кезде пайдаланылған маскаларға арналған қоқыс жәшіктері орнатылады (барлық қолданылған маскалар жойылады);
- желдету режимін сақтауды қамтамасыз ете отырып, профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялау) жүргізе отырып, желдету жүйелерін қамтамасыз ету;
- қызметкерлердің, тестілеуге қатысушылардың және өзге де адамдардың жеке гигиенаны сақтауы үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз ету (санитариялық тораптардың жұмыс істеуі, қолжуғыштардың, сабындардың, бір реттік сүлгілердің, санитайзерлердің болуы);
-күніне кемінде 2 рет аудиторияларды жуу және дезинфекциялау, әрбір 1,5-2 сағат сайын желдетуді жүзеге асыру қажет.
ҰБТ өткізу пункттерінде үздіксіз электрмен жабдықтау, қоғамдық тәртіпті, өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кезекшілік жұмыс атқарады.
Инфекцияның таралу қаупін болдырмау үшін тестілеуге қатыспайтындарға, ата-аналарға бармауға кеңес беріледі.
"Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру туралы" ҚР Ғылым және білім министрлігінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі №420 бұйрығына өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес ҰБТ 4 рет өткізіледі (қаңтар, наурыз, маусым және тамыз).