Қоғам

50 жастағы әйел 22 жастағы жігітке күйеуге шықпақшы

50 жастағы әйел мен 22 жастағы ер азамат отбасын құруды жоспарлап отыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатының 50 жастағы тұрғыны 22 жастағы жігітке үйленуді шешті. Бейтаныс адамдар жас жігітті оның ұлы ретінде қабылдайды. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы Daily Mail-ге сілтеп хабарлайды. 

2015 жылы Шерон Хокинз 16 жыл отасқан күйеуімен ажырасқан.  

«Біздің қарым-қатынасымыздың соңғы жылында мені 20 жастағы жігіттер қызықтыратынын түсіндім» деп еске алады әйел.

Шерон ажырасқан соң танысуға арналған қосымшаны жүктеп, жас шегін 19 жасқа дейін төмендетеді. 

Оған өзінен 28 жас кіші Перри Хопстин есімді жігіт ұнады. «Перри көгілдір көзді, қоңыр шашты, тепсе темір үзетін жігіт еді. Ол модельге ұқсаттым» деді Шерон. 

Әйел жігітке немерелері бар екенін ескерткен. Бірақ бұл жігітке маңызды болмады. 

2020 жылдың маусымында жігіт сүйіктісінің жанына көшіп келді. 2021 жылы ғашықтар үйлену тойын жасамақ.