Bugin

2020 жылдың үздік боксшысы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) 2020 жылдың үздік боксшысын анықтады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Sports.kz-ке сілтеп хабарлайды.

«Жыл боксшысы» атағын екі боксшы иеленді. Бірі – WBC титулының иегері, 32 жастағы британдық Тайсон Фьюри. Екінші боксшы – 30 жастағы мексикалық Сауль Альварес. Ол WBC/WBA чемпионы, pound-for-pound рейтингінің көшбасшысы.

Фьюри ақпан айының соңында екі дүркін чемпион атанды. Америкалық мега нокаутер Деонтей Уайлдерді жетінші раундта құлатты. Бұл – Деонтей Уайлдер мансабындағы алғашқы жеңіліс.

Альварес желтоқсан айында төртінші салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Британдық экс-чемпион Каллум Смитке алғашқы жеңіліс сыйлады.