Bugin
Өзбек елінің жаңа идеологиясын жасақтауда
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев елдің ұлттық идеологиясы мен сана-сезімін қалыптастыру туралы мәлімдеме жасады. Мұны Bugin.kz платформасы Stanradar.com-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Өзбекстан басшысының айтуынша, қоғамда ұлттық идеологияның не екенін түсінушілер аз. Нақтырақ айтсақ, президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шавкат Мирзиеевтің жаңа ұлттық идеологиялық саясатын түсінушілер кемде-кем.
"Экономика – қоғамға қан жүгіртуші ағза, ал руханият – оның жүрегі мен жаны. Өзбекстанды жаңадан құрғымыз келген екен, ендеше екі негізгі бағытқа байлануымыз керек. Бірі – нарыққа негізделген қуатты экономика, екіншісі – мықты руханият, ұлттық құндылықтарға құрылған бай рухани жәдігер", - дейді президент.
"Жаңа Өзбекстанның рухани идеологиясы адамгершілік мен гуманизмді дәріптейді. Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықты, сана-сезімді қалыптастыруды көздейді. Ал ондай құндылықтың халықтың өз тарихы мен мәдениетінде жатыр", - деп толықтырады Шавкат Мирзиеев.
Оның айтуынша, сондықтан ағартушылық-рухани салаға бөлінетін қаржы көбеймек. Мәселен, осы жылы 90 млрд сум қаржы осы салаға бөлінген. Оның ішінде 20 млрд сумы Жазушылар одағына, 10 млрд сумы ағартушылық жұмыстарды ұйымдастыруға жұмсалмақ.
"Жауапты тұлғаларға Өзбекстанның тарих ғылымын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын жасауға тапсырма берілді. Тағы бір басты бағыт – бұл өзбек тілін дамыту, заманауи технология тіліне айналдыру тапсырмасы", - деп түйіндеді Өзбекстан басшысы.